Артықшылықтар
Біздің компанияның барлық орындалатын операциялары сапаның ең жоғары талаптарына сәйкес келеді. Оған дәлел кәсіпорында енгізілген ISO 9001, ISO 14001 және ISO 45001 үш халықаралық стандарттарын қамтитын Интеграцияланған Менеджмент Жүйесі болып табылады. «РауанНТех» ЖШС өзінің Интеграцияланған Менеджмент Жүйесін аккредиттеуді сәтті өткізді.
Бұл факт Intertek компаниясының халықаралық аккредиттеу сертификаттарымен расталған.
ISO 9001 - Сапа менеджменті жүйелері. Қойылатын талаптар" сертификаттау немесе келісімшарттар жасау мақсатында ұйымдардың ішкі қолдануы үшін пайдаланылуы мүмкін сапа менеджменті жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді. Ол тұтынушылардың талаптарын орындау кезінде сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігіне бағытталған.
ISO 14001 экологиялық менеджмент жүйесі үшін критерийлерді белгілейді. Ол экологиялық тиімділік үшін талаптарды белгілемейді. Бірақ тиімді экологиялық менеджмент жүйесін құру үшін ұйым ұстануы мүмкін негізгі ережелерді сипаттайды. Стандарт компания қызметінің ұйымдық деңгейінен бастап өндіріс және қызмет көрсету деңгейіне дейін әртүрлі деңгейлеріне қолданылуы мүмкін. Экологиялық тиімділіктің нақты өлшемдері мен мақсаттарына назар аударудың орнына, стандарт ұйымның осы мақсаттарға қол жеткізу үшін не істеу керектігін бөліп көрсетеді.
ISO 45001— Кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық менеджменті жүйесі. ISO 45001 стандартының талаптары ұйым жүзеге асыратын қызмет түрлерімен байланысты саладағы қауіптерге ұшырауы мүмкін персонал немесе басқа мүдделі тараптар үшін қауіптерді жою немесе азайту үшін менеджмент жүйесін әзірлегісі келетін кез келген ұйымға қолданылады.
Сондай-ақ, ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандартына сәйкес біздің сынақ зертханамыздың аккредиттелу фактісі де маңызды болып табылады. Бұл құжат талдауларды орындаудан тапсырыс берушілерге есеп беруге дейінгі сынақ зертханасы жұмысының барлық аспектілерін сапалы орындау критерийлерін белгілейді.
«РауанНТех» ЖШС шығаратын өнімнің сапасын бақылау барлық облыстарда және жоғарыда аталған құжаттарға сәйкес әрбір кезеңде жүргізіледі. Бұл бізге тапсырыс берушілеріміздің ең батыл үмітін орындауға және барлық міндеттемелерімізді сапалы, қауіпсіз және уақытылы орындауға көмектеседі.