Қызметтер
Біздің компания Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімінің типтік мақұлдау куәлігіне ие және Еуразиялық экономикалық одақтың Техникалық Регламентіне (ЕАЭО ТР 043/2017) сәйкес аккредиттелген.
Компаниямыздың көбік түзгіштері ҚР СТ 1609 «Өрттерді сөндіруге арналған көбік түзгіштер» және ҚР СТ 1608 «Резервуарлардағы мұнай және мұнай өнімдерінің өртенуін қабат астында сөндіруге арналған нысаналы мақсаттағы көбік түзгіштер» стандарттарына сәйкес болып табылады. Бұл бізге әртүрлі көбік түзгіштерді сәйкестікке сынауға мүмкіндік береді.
Компаниямызда өрт сөндіру уақыты, көбіктің еселігі мен тұрақтылығы сияқты сипаттамаларды зерттеу арқылы белгілі бір көбік түзгіштің жарамдылығын толық бағалауға мүмкіндік беретін мамандандырылған зертхана бар.
Көптеген жылдар бойы біздің зертханамыз Қазақстандағы жетекші зертханалардың бірі болып табылады және де ұлттық компанияларға да, ірі жеке компанияларға да олардың объектілерінде қолданылатын көбік түзгіштерді бағалау бойынша қызметін көрсетеді.