Минералды шөгінділер - тұнбаға түсетін, судың бейорганикалық минералды компоненттерінен түзілетін қатты жұғын.
Минералды шөгінділердің түсуі келесі мәселелерді тудырады:
- Мұнайдың/сұйықтықтың өндірілуінің төмедеуі;
- Ұңғыманың бітелуі;
- Құбырлардың өткізу қабілеттілігінің төмендеуі;
- Жылу берудің азаюы;
- Пайдалану қауіпсіздігі тәуекелдерінің ұлғаюы;
- Коррозиялық әсердің оқшаулануы;
- Пайдалану шығындарының ұлғаюы.
Бұл шөгінділермен күресу әдістерінің бірі минералды шөгінділердің ингибиторларын қолдану болып табылады, оларды минералды тұздардың аса қаныққан су ерітінділеріне тиісті концентрацияда қосқанда, азерімтал тұздардың тұңба ерітінділерінен бөлінуін болдырмайды немесе айтарлықтай азайтады.
Шөгінділердің түсу мәселесін шешу үшін «РауанНТех» ЖШС «Ранскейл» маркалы тұз шөгінділер ингибиторларының және «Рандим» маркалы минералды шөгінділердің диспергаторларының кең желісіне ие. Сондай-ақ, біздің компанияда минералды шөгінділерден қорғау процесін мониторингтеу және бақылау технологиялары бар. Компанияның мамандары ұсынымдар бере отырып, химреагентті қолдану тиімділігіне тұрақты бақылау жүргізеді.