Артықшылықтар
«РауанНТех» ЖШС-нің негізгі артықшылықтарының бірі - компания шығаратын өнім мен біз көрсететін қызметтердегі қазақстандық қамтудың жоғары үлесі.
Жаңа отандық әзірлемелерді табысты енгізу біздің компанияға қазақстандық қамтудың өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Өнімдер желісін ұдайы оңтайландыру есебінен біз өнімдерімізде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту міндетін де қойып отырмыз.
Компания шығаратын барлық өнімге тауардың Қазақстан Республикасының аумағында шығарылғанын растайтын «СТ-KZ» нысанындағы сертификаттар беріледі.
Жергілікті қызметкерді дамыту да компанияның басым міндеттеріне кіреді және осы мақсатта біз жергілікті қызметкерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру жоспарларын енгіздік.
Біз Республика экономикасына инвестицияларымызды, химия өніміндегі қазақстандық қамту үлесін ұлғайтуға және жергілікті кадрларды дамытуға қосқан үлесімізді мақтан тұтамыз.