Коррозия – қоршаған ортаның химиялық және физикалық-химиялық әсерінен металдардың өздегінен жойылуы және де өндірістің көптеген сатыларында, немесе геологиялық түзілімдерден келетін, немесе қабат қысымы арқылы айдалатын су кездесетін мұнай-газ өнеркәсібінің өткір мәселесі болып табылады.
Қазақстанда да, шетелде де мұнай өндіру өнеркәсібіндегі коррозиямен күресудің көп жылдық тәжірибесі коррозия ингибиторларын қолдану техникалық жағынан да, экономикалық тұрғыдан да тиімді екенін көрсетеді.
«РауанНТех» ЖШС-де «Ранкор» маркалы коррозия ингибиторларының желісі бар. Олар өздерін Қазақстан Республикасының көптеген мұнай-газ кен орындарында коррозиямен күресудің және мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын қорғаудың тиімді әдісі ретінде көрсетті.
«РауанНТех» ЖШС сынақ зертханасында қабаттағы судың құрамын ескере отырып, қолайлы және тиімді коррозия ингибиторын таңдау үшін барлық қажетті жабдықтар бар.
Өнеркәсіптік қолдану кезінде «РауанНТех» ЖШС мамандары химреагентті қолдану тиімділігіне тұрақты бақылау жүргізеді. Бақылау кезінде біздің мамандар коррозия жылдамдығын бақылаудың жеке құралдарын пайдаланады.
Сондай-ақ, біздің компанияда коррозия жылдамдығын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін коррозия жылдамдығын онлайн бақылау жүйесі бар.